Түлкібас ауданында өнеркәсіп саласында 11 жоба іске асырылмақ
Түлкібас ауданында жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың қорытындысы бойынша 99 545,9 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 111,8 пайызға өсті. Жылдық жоспар 96 757,4 млн. теңге (өткен жылдың тиісті кезеңі ЖӨӨ 89 038,6 млн.теңге). Жан басына шаққанда 935,4 мың теңгені құрады.
Бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 2023 жылы 4 230,5 млн. теңге болды. Нақты орындалғаны 4 350,9 млн. теңге, орындалуы – 102,8 пайыз немесе 120,4 млн. теңгеге артық орындалған.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында 4 орта, 22 шағын, 6 қосалқы кәсіпорын, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10.
Ауданда өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мақсатында 2024-2026 жылдары өнеркәсіп саласы бойынша 447,0 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,6 млрд. теңгеге, салық түсімі 13,6 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Атап айтар болсақ, ауданда жаңа жобаларды «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС, «Beibars Bottlers» ЖШС, «Табиғи өнім LTD» ЖШС, «Стандарт Пауэр» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС, «Бек-Агро 22» АӨК, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Борсықсай» ЖШС, «Майтөбе- Сүт» АӨК , «HENHOF» ЖШС , «Түлкібас жеміс жидектері» СТК-тері іске асырады.
Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді. Мәселен, былтырғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн. 699 млрд. теңгені құраған. Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 972 млрд. 31,8 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға көбейсе, оның 70 пайыздан астамы жеке инвестиция болып саналады екен.