Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешені салынуда
Келес ауданында 234 спорт нысаны жұмыс істеуде. Оның ішінде 1 стадион, 10 футбол манежі, 54 спорт зал, 5 ату тирі, 19 ашық спорт алаңшасы мен 145 жазық алаң бар.2021-2022 жылдары ауданымызда жергілікті бюджет есебінен спорттық мәніндегі 5 спорт алаңша салынып, пайдалуға берілді.Атап айтқанда, Абай ауылы, Ақтөбе ауыл округі Лесбек батыр елдімекені, Біртілек ауыл округі Біртілек елдімекені, Бірлік ауыл округі Жаңатіршілік елдімекені және Қошқарата ауыл округі Бесқұбыр елді мекені.
Сонымен қатар, 2023 жылы ауданымызда жергілікті бюджет есебінен 3 спорт алаңшасы салынды. Жалпы жоба құны 61 млн теңгені құрады. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауыл округі Ақжол елдімекені, Біртілек ауыл округі Еңбекші елдімекені және Қошқарата ауыл округі Алғабас елді мекені.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер К.Жолдасбеков есебінен Қошқарата ауыл округі Бесқұбыр елді мекенінен «Камбар ата» спорт кешені пайдалануға берілді және Ораз ата елді мекенінен жеке кәсіпкер Б.Исаев есебінен жабық футбол манежі салынды. Алпамыс батыр ауыл округі Ақжол елді мекенінен жеке кәсіпер Н.Мамешов қаржысы есебінен екі қабатты «Алпамыс батыр» спорт кешенінің құрлысы аяқталып пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығы Абай ауылы Асан қайғы көшесінің бойынан спорт кешен құрлысының нысаны бой көтеруде. Жоба 250 орындық. Құрылыс жұмысы биыл аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, өңір спортшылары Түркістан облысы чемпионатынан 17 медаль, Республикалық турнирлерден 11 медаль, облыстық турнирлерден 260 медаль, Халықаралық турнирлерден 10 медаль, Қазақстан Республикасының кубогінен 2 медаль, Қазақстан Республикасының чемпионатынан 7 медаль, Азия және Әлем деңгейінде 1 медаль иеленіп қайтты.