Әйелдерге қолдау көрсетілді

Жақында Түркістан қаласында қыз-келіншектерге арналған ауқымды жиын өтті. Оған өңірімізде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіпкер әйелдер арнайы қатысып, іс-шараға келген қыз-келіншектерге кәсіпті қалай бастау керектігі жөнінде өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты әйел сауаттылығын арттыру болды. Сондықтан, оған әйелдердің отбасы мен ошақ қасын өздерінің жұмысымен қатар алып жүрулеріне психологиялық тұрғыдан көмек беретін психологтар мен коучтар да арнайы шақырылды.

Әйелдерге арналған бұл жиынға 60-қа жуық қыз-келіншек келді. Олардың басым бөлігін көпбалалы аналар мен  бизнесте жүрген бикештер құрады. Қыз-келіншектер психолог, дәрігер сынды мамандар мен жүздесіп, мәселесін шешіп қана қоймай, рухани азық алып қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *