Әсел грант алып, кәсіп ашты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленген болатын. Соның бірі – Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Айта кетейік, аталмыш жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, бизнесті дамытуға, сонымен қоса бәсекелестікті күшейтуге бағытталған. Соңғы жылдары Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашқан азаматтардың саны артып, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды ұтымды пайдаланып келеді.

Солардың бірі – Т. Рысқұлов ауылының тұрғыны, кәсіпкер Амангелді Әсел. Ол жоба арқылы қайтарымсыз грант алып, наубайхана ашты. «Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарының кәсіп бастауына үлкен көмек» дейді Әсел Оразбайқызы. Оның айтуынша, қайтарымсыз грант керекті құрал-жабдықтар сатып алуына үлкен септігін тигізген. Оған кондитерлік өнім пісіретін пеш, үлкен тоңазытқыш сатып алыпты. Бүгінде мұнда дәмі тіл үйіретін түрлі тәтті күлшелер мен кондитерлік тағамдар дайындалады.

– Бұл кәсіппен отбасымызбен айналысамыз. Себебі, жолдасым маған күнделікті көмектеседі. Өнімдерімізді ауылдағы дүкендерге өткіземіз, наухананың өзінен де келіп ыстық нан алып кетушілер көп. Еңбексіз адам арманына жете алмайды. Жұмыс істеймін деген адамдарға қуана-қуана үйретер едім, – дейді Әсел Оразбайқызы.

Қазіргі таңда елімізде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде өңірімізде кәсіпкер әйелдердің қатары артып келеді. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің 31 пайызында іскер ханымдар басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *