Айгүл «Алтын кітап» қорына еңбегі енген өңіріміздегі жалғыз кітапханашы

Ұлттың рухани азығы болып табылатын асыл мұраларымыз жинақталған кітапхананың бүгінгі қоғамда алар орны ерекше. Қанша жыл, тіпті қанша ғасыр өтсе де, асыл кітаптарымыз біздің құнды дүниеміз болып қала бермек. Сол кітапхана ішіне көрік беріп, қалың оқырманын қуана қарсы алатын кітапханашыларсыз кітапхананы елестету мүмкін емес. Бүгінгі өскелең жастарды білімге шақыру және өңіріміздің мәдени-рухани жағынан дамуы жолында ол кісілердің еңбегі ерен. Осы ретте біз кітапхана саласының қиындығына төзіп, қуанышына қуана білген Абдураманова Айгүл Мубаракқызы туралы айтпақпыз.

Айгүл Мубаракқызы кітапхана саласында 24 жылдан астам уақыт еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған маман. Ол 1974 жылы Созақ ауданы Жартытөбе елді мекенінде дүниеге келген.

1992 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, библиограф мамандығы бойынша 1997 жылы бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 2000 жылы Созақ ауданының Жартытөбе кітапханасында кітапханашы болып бастап, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Сайрам аудананының Таскешу ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін абыроймен атқарып келеді. Еңбегі көпке үлгі. Жалпы ұжымның қоғамдық өміріне де белсенді араласып, қолдан келгенше көмектесіп жүреді.

Айгүл Мубаракқызының кітапхана саласы бойынша жеткен жетістіктері көп. Атап өтер болсақ, еңбек еткен жылдар аралығында Республикалық құрметті кітапханашы мен облысқа мінсіз қызметі үшін төс белгілерімен, және облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ, еліміздің құрметті кітапханашысы. Алтын кітап қорына еңбегі еніп, бүгінде Ұлттық кітап қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *