Зулфия пошта саласының дамуына үлес қосып келеді

Түркістан өңірін өркендету жолында да жемісті еңбек етіп келе жатқан нәзікжандылардың бірі – Моминова Зулфия Ергешқызы. Ол 1967 жылы 2 тамызда киелі Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Қазпошта» АҚ Шымкент қалалық бөлімінде оператор болып бастаған. 1988 жылы «Қазпошта» АҚ Түркістан аудандық пошта торабына ауыстырушы байланыс бөлімшесінің бастығы болып тағайындалған. 1997 жылы бас қазынада бас кассир болса, 2000 жылдан қайтадан ауыстырушы байланыс бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.

2009 жылы Бақылау бөлімінің бастығы, содан 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының Бақылау бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келеді. Ұжымға сыйлы.

Ұзақ жылдан бері байланыс саласында қызмет атқарып келе жатқан жылдары Зулфия Ергешқызы жұмыс барысында өзін білікті, іскер, тәжірибелі және талапшыл басшы ретінде өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, өңіріміздегі пошта саласының дамуына өз үлесін қосуда. Көп жылғы еңбегі үшін «Қазпошта» АҚ-ның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *