Балаларға тәттілер сыйлады

Жақында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев қамкөңіл балаларды құттықтады. «Тағдырдың жазуына мойымай, жасымай әрқашан өмірге деген құштарлықтарыңыз артсын. Мүгедектігі болса да еліміздің дамуына үлес қосып, мәдени, спорттық және тағы да басқа көптеген салада үздік болып жүрген жандар көп. Біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Арман Романұлы.

Қамкөңіл балалардың көңілін көтеру үшін арнайы сыйлық пен тәтті себеттерді тапсырды. Бүгінде Шардара ауданында 3226 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде I-II топтағы мүгедектер саны – 1351, III топта – 1395, мүгедектігі бар балалар саны — 480. Есептегі барлық жандарға тиісті қолдаулар көрсетілуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде 97 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркеуге алынса, олардың 82 174-і ересектер, 14 901-і балалар. 2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтер «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл порталға 170 өнім беруші мен қызмет көрсетуші тіркелген. Олардың арасында оңалту құралдарын әзірлейтіндер, емдеу-сауықтыру қызметін көрсететіндер, ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілер бар. Сәйкесінше 2024 жылы аталған салаға 12,1 млрд. теңге бөлініп, 48 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі деп жоспарланған. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарауындағы жалғызілікті қарттар, мүгедектігі бар балалар мен ересектерге 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет көрсетіп жатыр. Олардың төртеуі тәулік бойы, алтауы аптасына бес күн күндізгі уақытта қызмет етсе, біреуі емдеу-сауықтыру, тағы біреуі кәсіптік білім беру ісімен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *