Келес ауданында 3 «Жайлы мектеп» салынуда
Келес ауданында білім саласында 63 мемлекеттік, 3 жекеменшік мектеп (Абай ауылында орналасқан Абай дарынды балалар бастауыш мектебі, Ақтөбе ауылдық округі, Қызыләскер ауылында Нұрбала, және Жүзімдік ауылдық округі, Жүзімдік елдімекенінде Толағай жалпы орта мектептері) жұмыс істейді. 97балабақша бар. Оның 12 мемлекеттік, 84 жекеменшік, 1 шағын орталық.
Қашықтықтан қатынайтын оқушыларды тасымалдауға былтыр облыстық білім басқармасынан 4 үлкен, 8 шағын жалпы 12 автобус(Абай, Ақтөбе, Біртілек, Ошақты, Жүзімдік, Ұшқын ауылдық округтеріне) беріліп, аудандағы 2400 білім алушы тасымалданды.Жаңа оқу жылынан бастап жалпы 13577 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылды. Оның 12 853-і 1-4 сынып оқушылары.
Былтыр 2023 жылы Бесқұбыр (1 млрд. теңге)және Ошақты (995 млн. теңге) елді мекендерінен 300 орындық 2 мектептің құрылысы жүргізіліп, 1 мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді, 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы іске асырылуда. Жобааясында Келес ауданында жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарланып, 2023 жылы
3 мектептің құрылыс жұмыстары басталды.Атап айтқанда, Абай ауылынан 600 орындық мектептің құрылысы, Ғ.Мұратбаев елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылысы, Біртілек елді мекенінен 300 орындық мектептің құрылысы басталған болатын. Аталған білім ошақтары биыл пайдалануға берілетін болады.
Бұдан бөлек, Ескіқорған, Жуантөбе елді мекендерінде 300 орындық мектептердің құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Жиделі және Көгерту елді мекендерінде 300 орыннан мектептердің құрылысына қаржы қаралып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.