Сайрам ауданында басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді

Түркістан облысында басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік қызмет, білім саласы, кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін әйелдерді басшылық лауазымдарға көтеру мәселесі оң жолға қойылып отыр. Мәселен, Сайрам ауданы бойынша 7 әйел – басшылық лауазымдарда, 1 әйел – аудандық мәслихатының депутаты болып қызмет етеді. Мемлекеттік қызметпен айналысатын әйелдер саны – 65, мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 29%-ын құрайды. Мектептерде 8307 мұғалім жұмыс істейді. Оның 4992-і әйелдер. Ауданға қарасты 18 мектептің директоры да әйел азаматы. Ол 24,3 пайызды құрайды.
Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласы ауданда жақсы дамыған. Ауданда белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 15 764 бірлікке жетіп, 9,4%-ға өскен. Солардың 38,6 пайызына жуығы әйел азаматы. Жалпы Сайрам ауданы бойынша 232 270 халық тұрады. Оның ішінде 50 027 отбасы болса, ал 12 459 көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа» иегерлері – 1215, «Күміс алқа» иегерлері – 2953. Сонымен қатар еңбек ардагерлері (әйелдер) саны – 73, батыр аналар саны – 132, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған саны – 362, жалғызбасты аналар саны – 4032. Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясы 19 азаматтан жасақталған. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары және түрлі салалардағы белсенді азаматтар енгізілді. Комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тұрақты түрде жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұдан бөлек аталған бағытта жұмыстарды үйлестіру мақсатында Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің биылғы жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Жоспарда әйел мен бала құқығын қорғау, ерте жүктілік, әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру, олардың беделін арттыру, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мен тәлім-тәрбие беру, ауыл округіндегі аз қамтылған отбасыларды, мүгедектерге демеушілер есебінен көмек беру, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мәселелері қамтылып, жүзеге асырылуда.
Жасөспірімдерге байланысты ерте жүктілік, суицидтің алдын алу бойынша аудандық білім бөлімі мен Ақсукент және Қарабұлақ ауруханаларымен бірлесіп мемарандумға тұрып кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер өткізілуде.
Ауданның полиция басқармасына қылмысқа ұшырап жәбір көрген әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балалар тергеу тобына жеткізілген жағдайда, психолог мамандары полиция басқармасына шақыртылып жәбірленушілерді күйзеліс жағдайларынан шығару үшін психолог мамандар психосессиялар жүргізуде. Жалпы 9 ай көлемінде Сайрам ауданы ЖҚ және ӘББ-нің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесіне жалпы 323 азамат көмекке мұқтаж болып келген. Олардың қатарында 192 әйел, 109 еркек пен 17 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім және 5 қарт адам бар. Бөлімше осы жылдың шілде айынан бастап ЖҚ және ӘББ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімшесі болып өзгертілді. Осы аралықта бүгінгі күнге дейін бөлімшеге 71 азамат көмекке мұқтаж болып 46 әйел, 16 еркек, 7 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім және 2 қарт келген. Оның ішінде 45 азаматқа психологиялық көмек, 67 азаматқа құқықтық көмек мәселесі бойынша жүгінген. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік пен аутодеструктивті мінез-құлық (Суицид) тақырыптары бойынша 17 іс-шара, жалпы жыл басынан бері 37 іс-шара өткізілді.
Аудан көлемінде жалпы 9 айда 62 өз-өзіне қол жұмсау фактісі орын алған. Соның ішінде 35 факті талпынған, 27 факті аяқталған. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі өз-өзіне қол жұмсағандар 6 факті, оның ішінде 3 факті талпынған, 3 факті аяқталған.
Жыл басынан бері ауданда әйелдерге қарсы жасалған қылмыстық істер бойынша тіркелгені – 31, оның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қарсы – 13. Жол көлік оқиғалары бойынша кәмелет жасқа толмағандардың қатысуында тіркелген оқиғалар саны – 6. Бұдан бөлек, «8 – наурыз Халықаралық әйелдер» күні мерекесіне арналған аудандық салтанатты іс-шара барысында облыс әкімінің және аудан әкімінің құттықтау хатымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген белсенді 30 іскер әйел азаматы марапатталған.
Сонымен қатар, Сайрам аудандық мәдениет үйінде 10 жылдан кейін қайта жаңғырған «Сайрам аруы – 2024» қыз сыны байқауы өтті. Байқауға қатысу үшін өтінім берген 21 қыздың арасынан топ жарып шыққан 10 ару ақтық сайысқа түсті. Ақылына көркі сай арулар дода барысында 5 кезең бойынша бақ сынасты. «Шебер ару», «Ерке сылқым», «Бұраң бел ару», «Көркемсөз шебері» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
17 наурыз күні Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сайрам таланттары – 2024» аудандық фестивалі аясында «Дефиле» сәндік киім үлгісі байқауы өтті. Аталған байқауға Қарабұлақ ауылдық округінен Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің студентері және №101 жалпы білім беретін мекеме оқушылары қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды.
15-наурыз күні Қарабұлақ ауылында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды, қарт азаматтарды, жалғызбасты аналарды, сондай-ақ денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау көрсетіліп, демеушілер қолдауымен «Қайырымды ұлт» акциясы болып өтті. Акцияда аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 510 500,0 теңге құрайтын қайырымдылық пакеттері табысталды.
Жыл басынан бері мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе «Отбасының мүдделерін қорғау» тақырыптарында тәлім-тәрбиеге байланысты, жастарды салт-дәстүрімізді сақтап, әдет-ғұрпымызды қадірлеуге шақыру, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды білуге шақыру мақсатында аудан аумағында орналасқан 70 білім ошағында кездесулер өткізілді. Жиында отбасыдағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлдерін арттыру мәселелері қарастырылды.
Алдағы уақыттарда Сайрам аудандық білім бөлімімен бірлесіп бала құқықтарын қорғау, жас отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, моббингтерді анықтау жұмыстарын атқарып жатқан білім ошақтарындағы мамандардың білітіліктерін арттыру жоспарлануда.
Биыл ауданның 11 ауыл округінде аналар кеңестері елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мен қыз баласының тәлім-тәрбиесі, ауыл округіндегі аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналар мен балалардың жағдайын жақсарту бойынша 11 отырыс өткізілді.
15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні қарсаңында АҚАЖ бөліміне жаңадан некеге тұрып жатқан жас отбасыларға әжелер алқасының төрайымы және ардагерлер кеңесінің төрағасы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тілегін айтып баталарын берді. Перзентханада 15 сәуір күні босанған жас нәрестелердің аналарына салтанатты түрде сый сыйапат берілді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушыларды аудандық деңгейде анықтау бойынша конкурстың бірінші кезеңінде алты отбасы қатысушылардың арасынан жеңімпаздарын аудандық деңгейде іріктеу жөніндегі комиссияның қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысуға ауданнан екі отбасы облыстық комиссияға ұсынылды.
Сонымен қатар, 4 қазанда Талдықорған қаласында өткен «Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы» шарасына Сайрам ауданынан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін алға сүйреп жүрген КХ «Мардан» шаруа қожалығының төрағасы Сұлтанова Ұлбосын мен «Дана жер» тұтыну кооперативінің төрағасы Досалиева Шолпанай шықты.
Жыл басынан бері ауданда үш тілде шығатын газет беттерінде 19 мақала жарияланды. Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында 6 бейнематериалдар жарияланды. Сонымен қатар,
ҚР Конституциялық заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Отбасы – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы баяндамасында көрсетілген мәліметтер баспасөз басылымдарында жариялануда.
Жоспарға сәйкес, ауыл билері, мешіт имамдары, ардагерлер кеңесінің төрағалары мен әжелер кеңесінің төрайымдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен биыл 16 кездесу ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *