Балалы – үй базар

Айгүл Нұрманова 8 баланы өмірге әкелген көп балалы ана.  Жасым 43.Мен Өзбекстанда  дүниеге келген кейіпкеріміз сонда  мектеп  бітіріп, Ангрен қаласындағы Педагогикалық  институтты бітірген екен.  2003 жылы елге оралып, Түркістандағы  Қазақ- Өзбек уривеситетіне ұстаздық қызметке шақырылады.  Мамандығы бойынша  ағылшын тілінен дәріс береді.

2004 жылы  Нұрболмен шаңырақ көтереді. Дүйсебек Нұрбол Әмірханұлы да педагог. Бүгінде  ол Түркістандағы  N16 Т.Бигельдинов атыңдағы жалпы орта мектебінің  директоры. Ал, Айгүл болса Қожа Ахмет Ясауи атындағы  ХҚТУ-дің  «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасында магистр-оқытушы болып қызмет етуде. «Алланнын берген 8 перзентіміз бар: 6 қыз 2 ұл тәрбиелеп отырмыз. Ата-енемізбен бірге тұрамыз. Шүкір, балаларымыздың алды жоғары оқу орындарында білімгер.  Тұнғышым Балнұр ХҚТУ-дің Жаратылыстану факультетінде Экология мамаңдығы бойынша білім алуда, 3курс студенті. Екінші қызым Әнел Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің  студенты атанды. Ол да өзім секілді  ағылшын тілі мамаңдығын тандадады, үшінші  қызымыз  Айзере N5 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің 9 сынып  оқушысы. Үздік. Балалардың тәрбиесіне  мен ғана емес, ата-әжесі де қарасып, шүкір, өсіп жатыр» дейді көп балалы ана.

Айгүл-ананың айтуынша, қыздары үй шаруасына көмектеседі, сабақтарынан бос уақытында қалалық Оқушылар сарайының жанындағы үйірмелерге қатысады. Үрзада, Ай-ару, Ұлдария  гимнастикаға қатысып жүр екен. Ұлдария  Алматы, Астанаға дейін жарыстарға барып  жүлделі орындар алып келіп жүр. Сонымен қатар, қыздарды би, домбыра үйірмелеріне береді.

«Көп балалы дейді, Алланың бергені ғой: перзент көптік етпейді. «Алтын алқа» иегері ретінде мемлекеттен тиесілі  тиесілі жәрдемақыны алып жүрмін. Басқалай қолдау алмаймыз.  «Алла бір қозыны жаратқанда, бір түп жусанды артық жаратады» демей ме? Шүкір, әкелері де, мен де жұмыс істейміз. Балалардың несібесіне қарай табысымыз бар. Қыздарым үй шаруасына төселді: ас әзірлеп, түрлі тәттілерді пісіріп жүр. Әжелерінің бекітіп берген «Күн тәртібі» бар. Сол кесте бойынша әрқайсысы өз шаруасын істеп,тәртіппен жүреді. Үлкендері кішілеріне қарайды, балабақшаға апарады, алып келеді, бір-біріне қолғабыс етіп өсіп келеді. «Балалы үй – базар». Үлкен ұлымыз Айсұлтан да спорт секциясына қатысып, демалыста әкесімен балыққа барғанды ұнатады. Кенжеміз Нұрғалым балабақшада ғой. Көкесі жұмыстан шаршап келгенде ұлдарымен асық ойнап, дойбы ойнап мәз-мейрам болып жүреді. Әжелері де педагог-ғалым, (ХҚТУ профессоры Г.Тоққұлова). Жалпы, біздер педагогтар отбасымыз. Әжелері қыздардың сабағын қарап, түрлі үйірмелерге, шет тілі курстарына өзі жетелеп жүреді.  Әжесі үнемі өсиет, нақыл сөздерін айтып отырады. Демалыста Ұлттық танымдық фильмдер көрсін деп кинотеатрға, ертегі қойылымдарға, спектакльдерге, музейлерге алып барады. Марқұм атамыз қаладағы Саз мектебінде көп жыл  басқарған кәсіби музыкант еді, былтыр өмірден озды. Енеміз де өнерлі жан. Сондықтан шығар біздің отбасымыз да мерекелерде, жай демалыс күндерінде балаларымыз бізге ән айтып, би билеп кішігірім концерт қойып береді. Өнерлі отбасымыз. Балалардың өнеріне, олардың риясыз шат-шадыман  көңілдеріне қарап бір жасап қаламыз. Қанша шаршасақ та бір сәтке кәдімгідей тынығып қаласың  Жауқазындай құлпырып өсіп келе жатқан қыздарымды, ата-әжесінің тәлімімен өсіп жатқан жас ұландарым, ұлдарымды  көріп көңілім марқайып шүкіршілік етемін. Бұрындары үлкен кісілер «бары жақсы» деп отырушы еді. Осылардың барына шүкір етеміз. Тіл-көзден сақтап өсе берсін деймін. Елде тыныштық, әр отбасында береке болып, қазақ елі көбейе берсін деп тілеймін» дейді Айгүл бізбен әңгімесінде.

Иә, расында  балалы –үй базар. Базарың тарқамасын, көбей қазақ!..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *