АЭС ел экономикасының әлеуетін жақсартады

Дәл қазір еліміздің барлық аймағында АЭС салу мәселесі төңірегінде ашық талқылау жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атом электр станциясын салу бойынша референдумның 2024 жылдың 6 қазанында өтетінін мәлімдеді.

— Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет. Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін едәуір қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық АЭС жұмыс істейді. Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек. Сондықтан Мен әрқашан атом электр станциясын салу мәселесі бойынша ойластырылған шешім қабылдау, қоғамда стратегиялық сипаттағы жоспарларды кеңінен талқылау қажеттілігін талап етемін, — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бір нәрсе түсінуіміз керек, АЭС салу арқылы біз экономиканың барлық саласының, яғни ғылым мен білімнің, әлеуметтік саланың, өндірістің заман талабына сай жедел түрде дамуына қол жеткізе аламыз. Бүгінде халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы осы АЭС болып отыр. Әлемдегі бірқатар мемлекеттерге әлдеқашан атом электр станциясын салып, өздерінің қажеттіліктерін өтіп қана қоймай, шетелдерге де экспорттау басталды.

Атом электр станциясын салудың тағы бір артықшылығы ол — ауа улы газдардан тазартады. Осындай артықшылықтарды ескере отырып, Қазақстан аумағында АЭС құрылысының жүргізілуін қарастыру дұрыс бастама деуге болады. Әрине, ел арасында АЭС-тың қауіпті екеніне алаңдаушылық тудырып отырғандар да баршылық. Ал, АЭС салу мүмкіндігін жүйелі түрде зерттеп келе жатқан мамандар ондай жағдайдың болуы мүмкін емес екенін айтады. Оның ғылыми түрде дәлелдеп отыр. Сондықтан, АЭС  көмір мен газ негізіндегі электр энергиясын өндіруді алмастыра алатын бірден-бір жоба болмақ.

Қысқасы, біз атом электр станциясын салу арқылы еліміздің бүкіл экономикасын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Сонымен қатар, АЭС елімізде заман талабына сай бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлардың да өсіп шығуына септігін тигізеді. Одан бөлек, құрылыс кезінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Жергілікті кәсіпорындардың жұмысы қарқын алып, дами түседі.

Есіркеп Жайлаубеков,

«Ауыл» партиясы САФ төрағасы;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *