Жанұядағы сыйластықтың жайы айтылды

«Отбасы күнін» атап өтуге арналған мерекелік іс-шара жоспарына сай Қазығұрт ауданында «Отбасын жоспарлау» атты кездесу болып өтті.

Кездесуге аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің «Отбасын қолдау» бөлімшесінің мамандары мен жастар қатысты.

Кездесу барысында жастардың саналы түрде серік таңдауын, отбасын құруға және балаларды тәрбиелеуге жауапты көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект, серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау тақырыптары бойынша көптеген мәселелер мен шешу әдістері таныстырылды.

Қатысушылар отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті, жанұядағы сыйластық, адамгершілік, ынтымақ пен бірлік, татулық пен ұйымшылдық аясында өз пікірлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *