Жетісайда грэпплингтен облыстық ашық чемпионат өтті

Жетісай ауданында грэпплингтен «AIGA» нұсқасы бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында облыстық ашық чемпионат өтті. Өңірде грэпплинг спортын кеңінен дамыту, жас буынды спортқа баулу, болашақ чемпиондарды анықтау және спортшылар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен Түркістан облысы бойынша панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Асқар Айымбетов, аудан прокурорының орынбасары Бауыржан Омаров пен «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын насихаттап, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік берген дүбірлі додаға облыстың қала-аудандарынан 351 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен, медальдармен және чемпиондық белбеулермен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *