Түркістанда “Skill hub Turkestan” орталығы ашылды
Түркістан облысында өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған тағы бір маңызды жоба іске қосылды. Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында «SKILL HUB TURKESTAN» шығармашылық-инновациялық орталығы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов қатысып, жаңа жобаға сәттілік тіледі.
Аталған орталық инженерия, робототехника, 3D модельдеу, би, домбыра және актерлік шеберлік бағыттарын тоғыстырып, білім мен шығармашылықты, технология мен ұлттық құндылықтарды бір арнаға біріктіретін бірегей алаңға айналмақ. Бұл – жас ұрпақтың техникалық қабілетін дамытып қана қоймай, ұлттық өнер мен сахна мәдениетін меңгеруіне мүмкіндік беретін маңызды бастама. Қазіргі таңда облыстағы 43 қосымша білім беру ұйымы мен мектеп үйірмелері арқылы 472 мыңнан астам оқушы қосымша біліммен қамтылып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
