ОРДАБАСЫДА ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ БОЛҒАН БАТЫР ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ
Ордабасы ауданындағы Қараспан ауылындағы Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиын өтті. Шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, соғыста қаза тапқан батырлардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар дайындаған патриоттық қойылым көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз бен аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков сөз сөйлеп, жеңістің мән-маңызы мен майдангерлер ерлігіне тоқталды. Жиын аясында Кеңес Одағының Батыры Бейсен Сейітұлы Оңтаевтың ескерткішіне және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар, іс-шарада «Жеңіс туы желбіресін» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар «Азат елдің ұрпағымыз» тақырыбында соғыс ардагерлері туралы деректерге негізделген ғылыми жобаларын таныстырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі