Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтіп жатыр

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін 2014-2021 жылдары аралығында 211 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңартылған болатын.
Жалпы, Кентауға қарасты ауылдарда 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Кезең-кезеңімен осы баспаналарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
2023 жылға Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 55 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аталған көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен күрделі жөндеуден өтетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *