Мафтуна мақтауға лайық қыз

Сайрамдық Мафтуна Нажиева көркем әдебиетке жаны құмар қыз. Оның фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланған әңгімелері көпке ой саларлықтай салмақты. Автордың бір дүниені жазарда оқырманға не айтам, нені ұқтырам деп көп ойланатынын көруге болады.

Мафтуна өте тәрбиелі, инабатты, ибалы қыз. Үлкенге де кішіге де қолын кеудесіне қойып ілтипат білдіргенде»Шіркін-ай қыздың барлығы Мафтунадай ибалы болса екен» деп қаласыз. Мақаламыз Мафтуна қыз жайлы болғандықтан, оның өмірбаяны жайлы да жаза кетуді жөн көрдік.

Нажиева Мафтуна Маъмуржановна 2003 жылдың 28 мамырында қазіргі Сайрам ауданында дүниеге келген. 2020 жылы Қарамұрт ауылындағы 1 мектеп-гимназиясын «Алтын белгімен» бітіріп, Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетіне филалогия және педагогика факультетіне грантқа оқуға түскен.

Бүгінде аталған университеттің жанынан ашылған «Жауқазын» жастар театрының мүшесі,  Жас Отан КГУ мүшесі, «Зияткер» деп аталатын пікірсайыс клубының белсенді мүшесі, ақындар клубының да мүшесі. «Қарекет» қайрымдылық қорының ерікті мүшесі.Мафтунаның жазған дүниедері, яғни мақалалары мен өлеңдері Сайрам аудандық «Мәртөбе», «Сайрам садоси» газеттерінде жиі жарияланып тұрады. Оның есімі оқырман қауымға жақсы таныс. Ол әдеби дүние жаза отырып, бүгінгі қоғамның көрінісін сипаттайды. Осы жағынан алғанда оның қаламынан туған әрбір туынды құнды.

2020 жылы есімі елге белгілі ақын, жазушы  Әкім Ысқақтың «Алтыным» атты кітабын өзбек тіліне аударып шықты. Осылайша ол қаламгердің туындысын өзбек ұлтының өкілдеріне де оқытып, оқырмандардың қатарын қалыңдатуға үлес қосты. Кітап Ташкент қаласындағы баспадан жарық көріп, бүгінде оны екі елдің халқы оқуда.

Жас та болса, осындай игі істерді атқарып жүрген Мафтунаның «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері атанғанын мақтанышпен айтуға болады. Көкшетау қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде ұйымдастырылған жарыста «Ең лирикалық орындау үшін» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар, жаны ән-жырға құмар Мафтуна М. Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатын аңсаймын ақ арманның» атты жас ақындар мүшайрасының екінші орын иегері. Республикалық «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты байқауында ынталандыру сыйлығын иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ» атты Республикалық пікірсайыс турниріне белсенді қатысып, сертификатпен марапатталды.

Мафтуна Наджиеваның көпке үлгі ететін қырлары өте көп. Айталық, ол Көкшетау Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында қосымша жұмыс істейді. Оқуымен жұмысын қатар алып келе жатқан қайсарлы қыздың әдебиет әлемінің дамуына үлес қосуды да ұмытпай келе жатқанына таңданасын. Мақтанасын. Әрбір шығармасын оқығанда күш аласын. Марқайасын. Мұны аз десеңіз, ол біліктілігін шыңдау мақсатында тіл үйреніп, біліктілігін шыңдап жүр.

Еліміздің көркем жерлері мен тарихи жерлеріне саяхат жасап, сол жердің тарихынан білгенінше сыр шертіп әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы өз білгенін өзгемен де бөлісіп жүрген жан. Мафтуна Наджиеваның туған жерге деген ықыласы бөлек. Жанашыр. Мафтунаның қазақтың ақын -жазушыларының өлеңдерін жатқа мәнерлер оқығаны да таңдай қақтырады.

Мафтунаның арманы асқақ. Арқалы қыз Мафтунаға тек сәттіліктер тілейміз.

Жалпы Сайрам өңіріміздегі этнокалық құрамы жағынан көпұлтты аудандардың біріне жатады. Мұнда бүгінде қазақ, орыс, өзбек, әзірбайжан,  тәжік, татар, түрік, кәріс, украин, күрді, неміс, ұйғыр, шешен, қырғыз ұлтының өкілдері тату-тәтті тіршілік кешуде. Олар бір-бірімен берік қарым-қатынас орнатып, тату елдің берекесін арттырып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *