Мақтаарал: ауыл тұрғындары сенбілікте 400-ден астам көшет отырғызды

Мақтаарал ауданының А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, 400-ден астам көшет отырғызылды. Игі шара ауыл аумағын көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Сенбілік барысында 25 дана арша, 10 дана сәндік тұт, 20 дана қытай бамбугы, 70 дана қара тал, 50 дана терек және 140 дана раушан гүл көшеттері егілді. Сонымен қатар, ауылдағы «Абат» аллеясына қосымша 18 дана арша мен 50 дана қара тал отырғызылды. Тал егу жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, 300 метр аумақ темір қоршаумен қоршалды. Бұдан бөлек, арықтар қазылып, көшеттерге су жіберілді.
А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі М.Битеміровтың айтуынша, бұл бастама – экологиялық сана мен азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі. Егілген ағаштар бірнеше жыл ішінде ауыл ауасының сапасын жақсартып, шаң-тозаңды азайтады. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Бірлік пен ынтымақтың нәтижесінде атқарылған бұл жұмыс ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *