Арай жеңімпаз атанды

Бабаш Арай Мақсатқызы «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, «Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады.

Жоба әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18-35 жас аралығындағы мүдделі жастарға (қоса алғанда) бағытталған. Толығырақ айтар болсақ, жалпы Қазақстанда жастар корпусын дамытуға арналған аталмыш жобаны Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жобаның басты мақсаты, жоғарыда айтып өткеніміздей, материалдық және моральдық тұрғыдағы осал жастарды дамыту және оларға қолдау көрсету. Бүгінде жобаға қатысқан жастар өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды үйренді. Аталған жобаға қатысқан жастар оқуды табысты аяқтауда.

«4 жыл ішінде екі мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, оның 20 пайызы ауылдық жерлерде, 20 пайызы білім беру мақсатында болды» дейді сала мамандары. Жобалардың басым бөлігі әлеуметтік салаға дамытуға арналуда. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде өте маңызды тілдік курстар, компьютерлік клубтар іске қосылды, ет және сүт өндірісі, тамақ өнеркәсібі құрылды, сұлулық салондары, тігін салондары да ашылды, мұның бәрі жастарға өз жобаларын жүзеге асыруға және бизнесін жалғастыруға мүмкіндік беруде.

Қысқасы, Zhas Project мемлекеттің кейбір стратегиялық міндеттерін шешу үшін бірнеше тапсырмаларды іске асыруда. Олар жастарды және олардың волонтерлік қызметке қатысуын дамытуға, қоғамдастықтың өмірі үшін жауапкершілікке және мектепті аяқтап, мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауды үйретуге бағыттай бастады. Мәселен, жоба барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар, жастарды дамыту индексі, волонтерлік қызметті дамыту стратегиясы, кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және басқа да құжаттар әзірленді. Жалпы аталмыш жоба Мемлекеттік жастар саясатының қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оның дамуына, жастармен жұмыс істеуде және тәсілдер мен шаралардың пайда болуына ықпал етті деуге болады.

Айта кетейік, жастардың осал топтары арасында жүзеге асырылған шағын гранттар бағдарламасына былтыр облыс бойынша 143 өтініш түсіп, ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткізілген. Содан соң келесі кезеңге өткен жастар 3 күндік семинар-тренингте білім алып, соңғы комиссия отырысында өз жобаларын қорғаған 30 үміткердің 20-сы 1 млн. теңгелік грантқа ие болды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Пердебек Есқұловтың айтуынша, биыл «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» аясында өңірдегі 600-ден астам жасқа 2,5 пайызбен 5 000 000 теңгеге дейін несие беру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *