Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 43,26 пайызын әйелдер басқарады
Бүгінде мемлекетімізде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері кеңеюде. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерімен республикада әйелдер кәсіпкерлігінің динамикалық секторы қалыптасты. Алайда, ауылдық жерлерде тұратын, қоғамдық, мемлекеттік ресурстар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуден айырылған әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстанда ауылдық жерде тұратын әрбір үшінші әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табиғи өнімнен түскен табыспен күн көреді, өздері соны тұтынады. Өзі тұтыну да соған жататын кірістер әйелдерді нақты экономика секторына қайта бару үшін адам капиталына қаражатты инвестициялау мүмкіндігінен айырады.
Әйелдердің белсенді рөлі, бірінші кезекте, шағын және орта бизнесте байқалады. Гендерлік стратегияны іске асырғанға дейін бизнестегі әйелдер үлесі 38 %-ды құраса, қазіргі уақытта елдегі барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің 43,26 %-ын әйелдер басқарады.
Әйелдер кәсіпкерлігі көтерме және бөлшек сауда саласын қамтуда, олардың ондағы үлесі осындай кәсіпорындардың жалпы санының 54,5 %-ын құрайды, 59,2 %-ы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды ұсынады және 25,1 %-ы ауыл шаруашылығында.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасында «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асыру үшін келісімге қол қойылды. Бағдарлама әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған.