Келес ауданында 12 елді мекеннің жер асты суына барлау жұмыстары жүргізілуде
Келес ауданында 2022 жылы сапалы АУЫЗ СУМЕН тұрғындардың 76 пайызы қамтылған болатын. 2023 жылы бұл көрсеткіш 8,2 пайызға артып, тұрғындардың 84,2 пайызын құрады.2024 жылға арналған жоспар бойынша қазіргі уақытта аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту үшін 5 нысанның (Бозай, Ынтымақ, Ақжол және Қауыншы, Майдабозай және Игілік) құрылысы жүргізілуде. Оның ішіндеЫнтымақ елді мекеніндегі құрылыс аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Игілік елдімекеніндегі «Нұра» топтастырылған су жүйесі мекемесімен келісім жүргізу арқылы «Сарыағаш» ТСЖ магистралды ауыз су құбырына жалғанды.Бозай елдімекеніндегі құрылыс жұмыстары былтыр аяқталды. Ал, Майдабозай елдімекеніндегі (654 млн тг.) құрылыс жұмыстары жалғасые табуда. Биылғы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып тапсыру жоспарлануда.
Ақжол, Қауыншы елді мекеніндегі құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік елді мекенінің ҚМЖ жұмыстарына қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Г.Муратбаев, Қаратөбе елді мекендерінің ЖСҚ сараптама қорытындысы алынып, қаржы қаралуға ұсынылды.
12 елді мекеннің жер асты суына барлау жұмыстары жүргізілуде және ЖСҚ әзірленуде. Олар Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Есікқорған, Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Қияжол, Құйған, Ақсу елді мекендері, Бірлік ауылдық округіне қарасты Қосөткел елді мекені. Бірлесу ауылдық округіне қарасты Береке елді мекені. Жүзімдік ауылдық округінің Бірлесу елді мекені.
Айта кетейік, Түркістан облысы халқының 80 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Сондықтан, өңірде ауыл инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып отыр. Ауыл-аймақты табиғи газбен, таза ауыз сумен және сапалы электр қуатымен қамту бағытында нақты межелер белгіленіп, жоспар орындалуда.