Ордабасыда заманауи тұқымбақ ашылды

Түркістан облысында тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Соның бір айғағы ретінде Ордабасы ауданындағы Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заманауи тұқымбақтың ашылғанын айтуға болады. Жақында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері және өңірдің баспасөз хатшылары аталған тұқымбақ шаруашылығымен және осында өндіріліп жатқан көшет түрлерімен танысып қайтты.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен заманауи тұқымбақ құру мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Ресей, Өзбекстан мемлекеттеріне және еліміздің басқа да облыстарына барып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Бүгінде көшет түрлерінің санын арттыру бағытында екіжақты келісімшарт түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ордабасы ауданындағы заманауи үлгідегі тұқымбақ 5 гектар аумақты алып жатыр. Онда негізінен терек, сириялық гибискус, раушан, жиде, емен, каштан, шаған, үйеңкі, тұт, бозарша, легустра, айлант, катальпа, қарағаш, туя және басқа да ағаштар өсірілуде.

Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жер көлемі – 33 559 гектар. Ондағы орманмен көмкерілген алқап – 13 515 га. Орман қоры жері Бәйдібек, Ордабасы, Төлеби, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласында орналасқан.

Қазіргі таңда көшеттерге сұраныс көбейгеніне байланысты тұқымбақ 3 жерде уақытша ұйымдастырылып отыр. Оның жалпы көлемі – 10,5 га. Орман тұқымбағында жалпы 25-ке жуық түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Көшеттерді егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *