Балнұрдың тәттілері балдай

«L.TATTI.ALEM» кондитерлік дүкенінің ашылғанына биыл 6 жыл толды. «Төлеби ауданындағы Леңгір қаласы облыстағы ең шеткі қалалардың бірі болып табылады. Аудан Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан ба, біздің өлкемізде кондитерлік өнімдерді шығаратын өндіріс орны жоқ болатын. Дегенмен, қонақ күтерде басқалар түгілі өзіміз де қалаға қарай сабылып жүретінбіз. Кейіннен осындай кәсіп ашу туралы ой келді. Өйткені, өңірде оған сұраныс болды», — дейді кондитерлік дүкеннен иесі Ашетова Балнұр Батырханқызы.

Сонымен қатар, қалада үйде отырған аналар көп. Соларға тиімді уақыт қарастырып, күніне 4-5 сағат болса да жұмыс істеп табыс табуына мүмкіндік жасады. Қазіргі таңда өндіріс орнында 25 қыз-келіншек жұмыспен қамтылған. Кейіпкеріміз Балнұр Батырханқызы алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау болса, ұлғайтып, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді көптеп тартуды мақсат етіп отыр.

Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы – шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Ана мен балаға қамқорлық таныту мемлекеттік саясаттың басты тұғыры болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан бөлек көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіп бастаймын дейтін аналарға да қолдау бар. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігімен облысымыздың әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салаларында ілкімді өзгерістер болып жатыр, жаңа мектептер мен емханалар бой көтеріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *