Ақбұлақта референдум күні спорттық ойындардан жарыс өткізілді

Сайрам ауданы тұрғындарының саяси науқанға қатысу белсендігі жоғары болды. Референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін бірнеше ауылдық округте спорттық ойындардан жарыс өткізілді.

Айталық, Сайрам ауданы әкімдігінің бастамасымен және «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен №527 дауыс беру учаскесіне өз таңдауын жасауға келген тұрғындар арасында қол күресінен жарыс өткізілді. Аталған жарысты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» КММ-нің спорт нұсқаушысы Талғат Жүрсінбеков ұйымдастырды. Сайыс қорысындысы бойынша, жеңіске жеткендер арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *