Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы жалдамалы қызметкерлердің 70 %-дан астамын әйелдер құрайды

Дәстүрлі түрде әйелдер еңбек нарығында анағұрлым осал болып табылады. Аталған мән-жай пандемия кезеңінде де байқалды. Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ЮНПФА-мен бірлесіп жүргізген зерттеу деректері бойынша (2020 ж.) карантиннің алғашқы айларында Қазақстанда ерлердің 22 %-ы және әйелдердің 26 %-ы жұмысынан айрылды.

Пандемия кезінде Қазақстанда барлық сала бірдей жағдайда болған жоқ. Мәселен, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласы мезгіл-мезгіл енгізілетін шектеулер жағдайында жұмыс істеді. Әйелдер осы салалардағы жұмыскерлердің көп бөлігін құрай отырып, еркектерге қарағанда прекариат санатына өту қаупін жиірек сезінді.

Қазақстанда әйелдердің орташа айлық номиналды жалақысы 182,7 мың теңгені, ерлердікі 243,5 мың теңгені құрайды. Әйелдердің ерлерге қарағандағы жалақысының арақатынасы 2016 жылғы 69 %-дан 2020 жылы 75 %-ға дейін ұлғайды. Әйелдер мен ерлердің жалақысындағы алшақтық 25 %-ды құрайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Бельгияда алшақтық 3,4 %-ға, Норвегияда – 4,8 %-ға, ГФР-де – 5,6 %-ға, Ұлыбританияда – 12,3 %-ға, Канадада – 16,1 %-ға, АҚШ-та – 17,7 %-ға тең.

Елімізде ер азаматтар көп жағдайда жалақысы республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары болып табылатын өнеркәсіп (мұнай-газ, тау-кен өндірісі, өңдеу), көлік және құрылыс салаларында жұмыс істейді. Мұндай салаларда ауыр және зиянды факторлардың болуына байланысты әйел еңбегін пайдалануға көбінесе тыйым салынады. Сондықтан, әйелдер, бұрынғысынша, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы жалдамалы жұмыскерлердің 70 %-дан астамын құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *