ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында жасөспірімдер арасында өткен «Istanbul autumn festival» атты халықаралық конкурста қазығұрттық өнерпаздар жеңіс тұғырынан көрінді. Байқауға Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан секілді мемлекеттерден би, вокал және түрлі аспаптарда ойнау бойынша өнерпаздар бақ сынады. Оның ішінде Қазақстаннан Ақтау, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды, Түркістан облысы өңірлерінен келген.
Байқауға Түркістан облысының атынан қатысқан қазығұрттық «Балауса» би тобы жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, эстрадалық вокал бағыты бойынша қазығұрттық әншілер Жәңгірхан Есімхан бас жүлдеге ие болса, Медина Мұрсейіт 1-орынды жеңіп алды. Жалпы шара Түркі елі мен Әлем халықтарының өнерін және мәдениетін балалардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі