ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСТЕ ТҮРКІСТАННЫҢ СПОРТ НЫСАНЫ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ
Түркияда Халықаралық байдарка мен каноэде есу федерациясының (ICF) дүниежүзілік конгресі өтуде. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық федерациялардың президенттері қатысады. Биыл ICF ұйымына 100 жыл толып отыр. Ескек есу спортының мәселелері, болашағы талқыланатын аса маңызды жиында Түркістандағы ескек есу базасы да таныстырылмақ. Түркістан өңірі, ескек есу каналы туралы арнайы бейнеролик жұртшылық назарына ұсынылады. Аталған жиынға аттанған Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің басшысы Денис Жарменовтың айтуынша, осы арқылы Түркістанда халықаралық жарыстарды өткізуге жол ашылмақ.