Сауранда инвестор 1,2 млрд теңгеге демалыс аймағын салып жатыр

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округі аумағынан заманауи демалыс орны салынып жытыр. Құрылыс алаңына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бас мердігер «Болашақ Құрылыс — 2020» ЖШС-і бірінші кезеңде 500 млн. теңге қаржыға жайлы және түрлі бағыттағы демалыс аймағын ашпақ. Сонымен қатар, 200 адамға арналған қонақ үйлер, глемпинг, монша, 150 адамдық мейрамхана, бассейн, ашық демалыс орындары салынбақ. Жобаның жалпы құны — 1,2 млрд. теңге.
Демалыс аумағы 1,2 гектар жерді құрайтын жоба аяқталған соң 60 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Облыс тұрғындары мен қонақтары онда әсем табиғатты тамашалай алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *