Жетісай ауданында мәдениет үйлері көбеюде
Жетісай ауданында мәдениет саласынада көп көңіл бөлінуде. Жалпы ауданда 11 мәдениет үйі бар. Оның ішінде 1 – аудандық мәдениет үйі, 7-ауылдық мәдениет үйі, 3-ауылдық клубы аудан халқына қызмет көрсетеді. 64 үйірме жұмыс жасап, оған қатысушылар саны – 634 адамды құрайды. Айта кетейік, аудан халқына 1-аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы және 19 ауылдық кітапханалар қызмет етіп келеді. Кітап қоры 337 мың дана. Кітапханаларда 627 іс-шара ұйымдастырылып, оған 15 мың оқырман қамтылды.
Түркістан облысында 628 елді мекен Мәдениет үйімен қамтылмаған. 181 ауылдық округ орталығының 20-сында мәдениет нысаны жоқ. 2000-нан астам тұрғыны бар 108 елді мекеннің 88-і мәдениет нысанын қажет етеді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан 23 мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу қажет. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 6 клубқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сарыағаш ауданында 21 мәдениет мекемесі бар. Аталған мекемелерде өткен жылы 820 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылған. Орта есеппен алғанда бір мәдениет мекемесі айына 3-4 іс-шара өткізумен шектелген. Бұл – мәдениет мекемелері мен халық санына шаққанда едәуір төмен көрсеткіш. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бұл барлық аудан, қалаларда тіркеліп жатқан жағдай екені анықталды. Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылдық клубы 1980 жылы салынған. Аудан әкімдігі тарапынан кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың қазіргі таңдағы жағдайы жоғары деңгейде. Ал, Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық клубы 1970 жылы салынған. Алайда, ағымдағы жөндеу жұмыстары уақтылы жасалмай, қазіргі таңда ғимарат жабылып қалған», — дейді сала мамандары.