Мардымды ісі көп Мейрамкүл
Кейіпкеріміз «Мырзакент-қызмет» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Танешова Мейрамкүлдің жұмыс жасап жатқанына төрт ай болғанына қарамастан тазалық жұмыстарына ат салысып жатқан жастардың көп екенін, өңіріміздің тазалығына атсалысып жатқанын атап өтті.
— Жұмыспен қамтудың белсенді шарасы саналатын «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы тек жас мамандар үшін ғана емес, әр жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік», — дейді ол.
Қоғамдық жұмыс – аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа – инженер, есепші, көлік жүргізуші, іс жүргізуші, т.б маман иелеріне арналады. «Қоғамдық жұмыс мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттары: 11 сыныпты бітіргені туралы атестаты бар жұмыссыз жастар және нысаналы топқа жататын азаматтар болып табылады.
Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5659 мемлекеттік қызметшінің 1542-і немесе 26,9%-ын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 244-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. 2023 жылы Түркістан қаласында әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы ашылды.
Аталған орталықтың оң нәтижелері мен тиімділігі ескеріп, 2024 жылы өңіріміздің барлық аймақтарында мағыналас орталықтарды ашу кестесі бекітілді. Жоспарға сәйкес 2023 жылы Отырар, Сайрам және Жетісай аудандарынан сектор ретінде ашылған отбасын қолдау бөлімшелері жұмыс жасап, қызмет көрсетуде.