Муаттар наубайхана ашуды армандайды

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан болатын. Кәсіпкер 7 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтар сатып алған. Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артқан. Алдағы уақытта кәсіпкер наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазір күніне 15 келідей бәліш, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көп балалы ана.

Бүгінде көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы, алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді екен.

«Атамекен» палатасы адами капиталды дамыту бөлімі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, орта білім және қосымша білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен бірге жұмыс атқарып келеді. Палата кәсіпкерлерді тек қаржылай қолдап қана қоймай, түрлі бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беруде де көмек қолын созып келеді. Атап айтсақ, «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» жүйесі арқылы менеджер-кеңесшілер бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу, статистикалық есептілікті жасау, заң мәселелері және конкурстық рәсімдер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау, бизнес-жоспарды әзірлеу бағыттары бойынша кеңес береді. Бұл тұрғыда былтыр 1241 кәсіпкерге 1300 қызмет көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *