Түлкібас ауданында қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 87,7 пайызды құрады

Түлкібас ауданында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша  Майтөбе және Азаттық елді мекендерінің 32,1 шақырымды құрайтын 49 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджеттен 2022-2023 жылдары КХ-63 16 шқ, КХ-69 7,1 шқ және КХ-65 9,6 шқ автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Облыстық маңызы бар КХ-70 «Т.Рысқұлов-Құлан-Сарытөр, Сарытөр-Т.Рысқұлов» 18,3 шақырым автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттар жасалынып, салалық басқармаға ұсынылды.

Сонымен қатар 2023 жылы аудандық бюджет есебінен 15,7 шақырымды құрайтын 7 елді мекеннің 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (Т.Рысқұлов, Көкбұлақ, Шақпақ баба, Қоғалы, Жаңаталап, Қожамберді, Ынтымақ). Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 87,7 пайызды құрады.

Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.

Жалпы соңғы 5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға жетті. 2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза– Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Оны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш–Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш стансасы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *