Қарлығаштың тәттілері елдің көңілінен шығуда

Шардара қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қатысып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің бірі – Садықова Қарлыгаш Мұханқызы. Шардара ауданы “Мансап орталығы” филиалының мамандарынан кеңес алып, 2023 жылы құрылған комиссияның оң қорытындысын алған азаматша грант қаражатына керекті құрал-жабдық заттарын алып, үйінен самса, бауырсақ, торт секілді тәттілердің түр-түрін пісіріп сатуда. Қазіргі таңда сұраныстарға ие болып отырған кәсіпті дамытып отырған кейіпкеріміз Қарлығаш алдағы уақытта армандарының бірі кәсібін үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» – дей келе әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырған болатын. Бүгінде елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. Қазақтың қыз-келіншектері қоғамның сан саласында белсенді болып, олардың бастамаларына қолдау көрсетілуде.

Қазіргі таңда облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр. Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *