Ұлбосын апай отандық киім-кешек өндірісін дамытпақ

Ұлбосын Рүстемованың есімі келестіктерге жақсы таныс. Кейіпкеріміз 27 жылдан бері кәсіппен айналысып келеді. Жолдасы екеуі отау құрған жылдары елімізде тоқырау болып, Ұлбосын апай алғаш рет сауда-саттықпен айналыса бастаған екен. Биыл оның осы салада жүргеніне 27 жыл болыпты. Қазір Ұлбосын апай тігін цехын кеңейтуді мақсат етіп отыр. Айтуынша, тігін цехындағы 20-ға жуық қызметкер негізінен ұзатыларп қыздың артынан апаратын жасауды тігеді. Сонымен қатар, олар арасында мемлекеттік тапсырыспен матрас пен көрпелерді де тігеді.

Алдағы уақытта отандық киім-кешек өндірісін дамытуға да үлес қосуды көздеп отыр. Осы мақсатта жақында Ұлбосын апай Өзбекстан республикасына барып, ондағы кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып қайтты. Айтайын дегеніміз, бүгінде еліміздің өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан Ұлбосындай аналардың көптігі қуантады.

Түркістан халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір саналады. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.

Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз. Осы ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Солардың бірі ретінде Ұлбосын Рүстемованы айтуға болады.

Бүгінде облыста шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *