Бүлдіршіннің саусақтарын қайта жалғап берді

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасады. Қолы қатты зақымданған үш жасар қыз бес айдан бері ауруханада ем қабылдауда.
Оқыс жағдай осы жылғы наурыз айында болған.

Белгілі болғанындай, зардап шеккен бала ас үйде жүргенде электронды еттартқыш қолын тартып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Саусақтарын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінді дәрігерлер Сайрам ауданынан облыстық балалар ауруханасына санавиация арқылы жеткізген.

Білікті дәрігерлер Ғалым Байтөре мен Нұрлыбек Оралбаев бүлдіршінге нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді.

Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағыттарында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155 мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыстарын бір сәт те тоқтатқан емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *