Сауран ауданында 1082 жас мемлекеттік бағдарламалармен қамтылды

Сауран ауданында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 31 667, аудан халқының 31,2 пайызын құрайды. Мемлекеттік бағдарламалармен қамтылған жастардың жылдық үлесі 1082 жас. Айталық, «Серпін-2050» бағдарламасымен 71 жас білім алуда (Қарағанды қаласы Букетов университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, С.Торайғыров университеті, Қарағанды медицина университеті, Қарағанды индустриялық университеті), «Жастар практикасы» бағдарламасымен  550 жас жұмыспен қамтылды, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 44 жас жұмысқа орналасты, аграрлық  2,5% жеңілдетілген несиемен 16 жастар өз кәсібін бастады, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 65 жас жұмысқа орналасты, жұмыссыз жастарға арналған «Ұлттық жоба» аясында 50 жас 1 380 000 теңгеден грантының иегері атанды, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны 287 құрайды.

Жалпы елімізде 2029 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты туралы тұжырымдама қабылданған. Онда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, заманауи құндылықтар мен патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты, NEET санатындағы жастар үлесін төмендету, сондай-ақ, ауыл жастарын қолдау мәселелері қарастырылған.

Тағы бір тиімділігі мол жоба – 2023 жылдың 9-22 қазан күндері аралығында іске асырылған «ZHAS PROJECT» бағдарламасы. Жастардың осал топтары арасында жүзеге асырылған шағын гранттар бағдарламасына былтыр облыс бойынша 143 өтініш түсіп, ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткізілген. Содан соң келесі кезеңге өткен жастар 3 күндік семинар-тренингте білім алып, соңғы комиссия отырысында өз жобаларын қорғаған 30 үміткердің 20-сы 1 млн. теңгелік грантқа ие болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *