«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2024 жылға 663 квота бөлінді

Елімізде әйелдер консультациялары мен акушерлік-гинекологиялық кабинеттері бар ұйымдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Босанғанға дейінгі қызмет көрсетуді пайдаланатын жүкті әйелдер үлесі де арта түсуде. Бүгінде Қазақстан «Ақы төленетін бала тууға байланысты демалыс» көрсеткіші бойынша әлемде 26-орында тұр.

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында келтірілген деректерге сүйенсек, 2020 жылы республикада әйелдердің бедеулік ауруының 16 187 жағдайы, ерлер арасында 1 372 жағдай тіркелген. Некеге тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақ сүйе алмайды, бұған ерлер де, әйелдер де бірдей жауапты. Ерлердің өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, созылмалы ауруларға шалдығуға және өлімге әкеледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отбасылардың бала сүйе алмайтын отбасылық-демографиялық жағдайын қатты алаңдаушылық тудыратын мәселелердің бірі деп атады. Бұл проблеманы шешу үшін Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайта отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосу тапсырылды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7000 әйелге ЭКҰ жүргізілді, 3 000-ға жуық жүкті әйел есепке тұрды, 360-қа жуық, оның ішінде 181 әйел және 179 ер жынысты бала дүниеге келді. Ал, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәлімдеуінше, өңірімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Осы бағдарлама аясында 2022 жылға 550 квота, ал, 2023 жылға 556 квота бөлініп, игерілді. Ал, 2024 жылға 663 квота бөлінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *