Цифрлық құжаттар сервисінде ақаулар анықталды — Ростислав Коняшкин

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (UTC + 05.00) бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілді. 64 ақпараттық жүйе (портал) орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер жаңартылды. Оның қатарында eGov.kz, EGOV Mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесі, «e-Otinish» электрондық өтініштер сервисі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бар.

Хабарламада мемлекеттік органдар қарамағындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын өздері жүзеге асыратындығы айтылған. Ақпараттық жүйелер және eGov.kz штаттық режимде жұмыс істейді.

«Цифрлық құжаттар» сервисінде деректерді дұрыс көрсетпеу бойынша жеке кейстер анықталды. Қазір біз барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және өзекті деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деді Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *