Шымкент көшелерінде «Алғыс керуені» жүріп өтті

Әл-Фараби алаңынан бастау алған «Алғыс керуені» достық үйі жанындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне дейін жалғасты. Екі түйе, 10 аттан құралған керуенді мәдениет мекемелерінің әртістері бастап жүрді. Керуен қоржынындағы ұлттық тағамдар қаланың дамуына атсалысқан түрлі сала қызметкерлеріне, тұрғындарға мерекелік тарту ретінде үлестірілді.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушылар ұлттық киімдер киіп, салт-дәстүрді дәріптеді. Ән айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Сән-салтанатты керуенді күтіп алу рәсімі мерекелік концертке ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *