Лагерьлердегі үйірме жетекшілеріне тәжірибелік сабақ өтуде

«Жаз қызығы — көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ – не қарасты Төлеби аудандық бөлімінің қосымша білім беру педагогы Орынбай Әсем Мұратқызының ұйымдастыруымен «Алау түрлері» бойынша тәжірибелік сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты үйірмешілердің жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану, үйірмешілерді Алау түрлерімен таныстыру, алау түрлері жайлы түсінік беру, сонымен қатар, үйірмешілерді топтық жұмыс істеуге бейімдеу, үйірмешілердің бойына тиянақтылық, ұқыптылық, нақтылық қасиеттерін қалыптастыру болды. Жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағыттарында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Соның бірі биылғы жазғы лагерьлердің жұмысы. Биылғы жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді. Жазғы сауықтыру лагерьлерінде 35 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен, сондай-ақ, 3421 оқушы «Қазақстан халқына» қоры есебінен тегін демалады деп жоспарланған. Бұл маусымның тағы бір ерекшелігі,  алғаш рет лагерьлерде шатырлы және этнолагерь ұйымдастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *