Балалар балық аулап жарысты

«Жаз қызығы көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Отырар аудандық бөлімінің қосымша білім беру педагогтары мен үйірмешілері «Алтын балық» тақырыбында Арыс өзенінің жағалауында балық аулау сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты үйірмешілерді шапшаңдылыққа үйрету, балық аулауда қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстыру, үйірмешілердің жазғы демалыс кезіңдегі бос уақытын тиімді пайдалану, үйірмешілерді өзара достыққа, сыйластыққа, татулыққа шақыру болды. Сабақ барысында үйірмешілерге балық аулауға шанышқы,тартпа,қармақ сияқты құралдар пайдаланылатынын түсіндірді. Жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтің айтуынша, қала сыртындағы лагерьлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді. Айта кетейік, Түлкібас пен Төлебидегі «Самал» және отбасылық үлгідегі балалар лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады деп жоспарланған. Тәртібі бойынша мектепішілік тізімде және полиция есебінде тұратын 1100 оқушы Төлеби ауданындағы «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагерьмен қамтылған. Ал, жаз айларында 266 оқушы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерьлерінде тынығуда.

Сонымен қатар, өңірде мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен қамтитын 350 лагерь (105 987 оқушы қамтылады) және 648 ойын алаңшасы (214 654 оқушы қамтылады) балалар үшін қызмет көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *