Бибігүлдің бастаған ісі берекелі

Жетісай ауданы Қазыбек ауылдық округіне қарасты Абиболла ауылының тұрғыны Шойбекова Бибігүл Базарбайқызы былтыр өз кәсібін дамыту мақсатында АҚ «Аграрлық несие корпорация» арқылы 2,5 пайызбен 5 млн теңге жастарға арналған микро несие алған болатын. Қаржыға дүкенге қажетті құрал-жабдық пен “U-Mag” бағдарламасын сатып алып, орнатқан. Дүкенде екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» – дей келе әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырған болатын. Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді.

Қазіргі таңда өңірімізде кәсіпкерлікті дамыту бағытында нәзік жандылардың үлесі мол. Айта кетейік, Түркістан қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген. Екі жақты келісім бойынша қос тарап көпбалалы мұқтаж отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бірлсіп жұмыс істеуге уағдаласқан. Соның негізінде «Қамқорлық жанұя орталығы» аз қамтылған, мүгедектігі бар жандарды тәрбиелеп отырған және көпбалалы толық емес отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау, кеңес беру, отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, оқу курстарын ұйымдастыру, құқықтық кеңес беру, демеушілер есебінен қолдау көрсету бағытында қызмет көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *