Түлкібас ауданында 4 ауылда жабық футбол алаңшалары салынуда
Бүгінде Түлкібас ауданында 5 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемелерінде 4144 оқушы спорттың 20 түрінен 15 ауылдық округтерде қамтылған.
Аудан спортшылары Әлем, Азия, халықаралық, республика және облыс біріншіліктерінде жақсы көсеткіштерге қол жеткізіп, нәтижесінде І-орынды 198 спортшы; ІІ-орынды 294 спортшы; ІІІ-орынды 276 спортшымыз иеленіп, халықараралық және елішілік біріншіліктерде топ жарды.
Азаттық, Ақбиік ауылдарынан демеушілер есебінен волейбол, таэквондо, шахмат, күрес спорт залдары ашылып, пайдалануға берілсе, Азаттық, Керейт, Майтөбе және Алғабас ауылдарында жабық футбол алаңшаларының құрылысы жүргізілуде.
Айта кетейік, Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалаларда (20%) тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын саралау нәтижесімен ауылдық жерлерде спорт нысандарын қажет ететін 96 елді мекен анықталып отыр. Талапқа сай емес спорт нысандары сарапталып, есептен шығарылуда. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасы аясында өңірде 7 нысан (Бәйдібек – 2, Созақ – 1, Төлеби –1, Жетісай – 2, Мақтаарал – 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Биыл 12 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде.