Түлкібас ауданында 10 елді мекенде денсаулық сақтау нысаны бой көтереді

Былтыр Түлкібас ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2022 жылы басталған 4 елді мекендегі (Рысқұл, Шұқырбұлақ, Ақбиік, Келтемашат) фельдшерлік акушерлік пунктің құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Биыл аталмыш бағдарламасы аясында  Абайыл ауылындағы медициналық пунктінің құрылысына қаржы қаралған.

Сонымен қатар, 2024-2026 жылдар аралығында 1,4 млрд. теңгеге 10 елді мекенде денсаулық сақтау нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қалған 5 елді мекенде (Құлан, Қараағашты, Ұрбұлақ, Елтай, Еңбек) денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу үшін жер мәселесін шешу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында 45 мемлекеттік мекеме, 700-ден астам ұйым және 130 жеке меншік мекеме, оның ішінде 36 емхана жұмыс істейді. Медициналық ұйымдарда 35 мыңнан астам дәрігер мен орта медицина қызметкерлері еңбек етеді. Жылына облыс халқына 3 миллионнан астам клиникалық-диагностикалық, 900 мыңнан астам жедел жәрдем, 3,5 мыңға жуық санавиация қызметтері көрсетіледі. 2023 жылы облыс халқы 14 миллионнан астам амбулаторлы қабылдауға жүгінген. 2 миллионға жуық стационарлы көмек көрсетілген, оның ішінде 547 291 емделушіге ота жасалған.

Сонымен қатар, өңірде бүгінде бірнеше медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жалпы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылған. Бұдан бөлек, 73 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету нысандарына қажеттілік бар. Бұл мәселені шешу үшін инвесторлар тартылуда. Биыл 8 аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары басталатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *