Төлеби ауданында 9 канал тазалаудан өткізіледі
Төлеби ауданында былтыр өңірлік өнім көлемі 145 млрд теңгені құрап, жоспар 113,6 пайыз артығымен орындалған. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 147 млрд теңгеге, яғни 102,5 пайызға жеткізу жоспарланған. Бюджеттің өзіндік кірісі 3,6 млрд теңгеге орындалды. 2024 жылы бұл көрсеткішті жоспар бойынша 4 млрд 016 млн теңгеге жеткізу көзделуде.
Жалпы өңірде өнеркәсіптің өнім көлемі 2023 жылы нақты орындалғаны 45 млрд. теңге болса, 2024 жылға жоспар 49 млрд. теңге. Өңдеу өнеркәсібі 2023 жылы 41 млрд теңгеге орындалған, 2024 жылдың жоспары – 44 млрд теңге. Басым бағыттар: битум өндіру, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы. Ауданда жалпы 20 кәсіпорын бар. 2 ірі және орта,15 шағын және 3 қосалқы. 2 инвестициялық жоба іске асырылады. Олар құны 1 млрд 551 млн теңгені құрайтын Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы. Жоба іске асқанда 150 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, “Тауэнерго” ЖШС-нің қуаттылығы 3,2 мВт/сағ болатын шағын ГЭС құрылысы. Құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жұмыс орны 24 адам. Жоба 2025 жылғы өтпелі.
2024 жылы «Аймар» ЖШС құны: 4 млрд.теңгені құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 440 мың дана құс өсіруді жоспарлауда. Жоба іске асқан жағдайда 24 қосымша жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Шымкент Балық» ЖШС, жылына 300 тонна балық өндірісін іске қосады. Құны — 800 млн.теңге, ашылатын жұмыс орны — 7.
Су шаруашылығы бойынша айтар болсақ, былтырғы жылы аудан бойынша «Төлеби су шаруашылығы» тарапынан ұзындығы 49,2 шақырым 13 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы аудан тарапынан 43,3 шақырым болатын 9 каналды механикалық тазалаудан өткізу жоспарлануда. Егіс көлемі 65,5 мың га жеткізу, қарқынды бауда 80 га, тамшылатып суғару әдісін қосымша 100 гектарға жаңалау межеленіп отыр.