Қазығұрт ауданында «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округі енгізілді

Қазығұрт ауданының экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Өткен жылы өңірде ауыл шаруашылығында өнім көлемі 68,5 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 71,9 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

«Шаруалардың еңбегінің арқасында өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өсіп, 2022 жылы 66,7 млрд. теңгеге жетті», — дейді сала мамандары. 2023 жылы мал шаруашылығында 45,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, егін шаруашылығында 22,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Қолданысқа ендірілген су үнемдеу технологиялары 3 194 гектарға жетті.

2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасына Қазығұрт ауданы бойынша 4 ауылдық округ енгізіліп (Шарбұлақ, Шанақ, Қақпақ, Қызылқия), 1,2 млрд. теңгені құрайтын 216 жоба мақұлданып, «ЫРЫС МҚҰ» ЖШС-мен несие берілді. 2024 жылы жоба жалғасын тауып, аудан бойынша 4 ауылдық округ енгізіліп отыр. Олар:  Тұрбат, Қ.Абдалиев, Сарапхана, Жаңабазар.

«Ауданда тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады. Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба біздің аудан үшін өте маңызды. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама аясында несиелендіру 6 бағытта, яғни, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады», — деді Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов.

Айта кетейік, биыл су үнемдеу технологиясын жаңадан 420 гектарға ендіру жоспарлануда. Бұл жоспарды «Сапа 2002» ЖШС-і, «Қараша-Агро» ЖШС-і, «Жомарт» ЖШС-і және «Балауса» ШҚ арқылы жүзеге асатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *