Түлкібаста Қ. Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» туралы тапсырмасына орай 1445 жаңа жұмыс орны ашылды
Түлкібас ауданында экономикалық белсенді халық саны 42 945 адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар 40 820 адам. Оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар 18 499 адам, жалдамалы жұмысшылар 22 321 адам. Жалпы жұмыссыздар саны 2 125 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайыз.
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» туралы тапсырмасы бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 1445 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 200 азамат болса, оның 203-і жолданып, жоспар артығымен орындалды. Жастар практикасына жоспардағы 625 азаматтың 371 жұмыссыз жастары жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жоспар 60 азамат болса, 83-і жолданды. «Күміс жас» жобасына жоспардағы 90 азаматтың 88-і жолданды. Ал, мемлекеттік грант бойынша жоспардағы 90 азаматқа қаржы бөлініп, толығымен берілді.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 109 716 жұмыс орнын ашу жоспарланса, барлығы 133 620 жұмыс орны ашылып, жоспар 121,8%-ға орындалды. Атап айтқанда, 93 422 адам тұрақты, 40 198-і уақытша жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар Ұлттық жобалар аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша 5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген болатын. Нақты 432 жобаны іске асыру нәтижесінде 3 651 адам (73%) жұмысқа тартылды. Жұмысқа орналасқан 3 623 адаммен электрондық еңбек келісімшарты (ЭЕК) түзіліп, 3 485 адамға (95%) міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру» туралы тапсырмасына орай өңірімізде 22 595 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда нақты 32 913 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал «Еңбек» бағыты бойынша 2023 жылы 91 521 адам жұмыспен қамтылды.