Түлкібас ауданында 4 мектеп салынбақ
Түлкібас ауданында былтыр облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 3 964,8 млн. теңге, 1 мектептің күрделі жөңдеу жұмыстарына 200,0 млн. теңге қаржы қаралды. Ал, 2024-2026 жылдары 4 жаңа мектептің құрылысы 2 қосымша ғимарат құрылысы (Дауан ат. ЖОМ — 150 орын, құны 810,6 млн. теңге, З.Ғубайдуллин ат. ЖОМ -150 орын құны 770,5 млн. теңге) мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы Т.Рысқұлов ауылында 600 орындық, Састөбе елді мекенінде 300 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жалпы елімізде 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген. Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда жалпы 63 мектеп салынатын болады (49 мың орын). Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылы тапсырылады. Мектептердің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Бүгінде әр аудан, қалада мектеп салынатын жер анықталып, инфрақұрылымы тартылып, бірнеше мектептің құрылысы басталып кетті.