Қазақстанның қай өңірінде ауыз судың сапасы нашар

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің қай өңірінде ауыз су сапасы нашар екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауыз суға үнемі мониторинг жүргізіледі. Егер ол ішуге жарамсыз болса, қолданылмайды. Ауыз су нашар әрі оны ішуге болмайды деп айта алмаймыз. Өйткені, қатаң бақылау жүргізіледі. Жалпы, жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, онда оның сапасы жақсы болады», — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда БАҚ өкілдері еліміздің қай өңірінде ауыз судың сапасы нашар екенін сұрады.

Сауалға жауап берген министр ауыз су сапасына қатысты кейбір өңірде проблема барын жасыра алмады.

«Олар — Орталық және Батыс Қазақстан. Бұл жақта шынымен де ауыз сумен қамтамасыз етуде проблема бар. Оңтүстік және шығыс өңірлерде жағдай біршама жақсы», — деді Нұржан Нұржігітов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *