Жаннат «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасты

Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама. Жастар практикасының ең басты құндылығы – жас маманның ең алғашқы еңбек тәжірибесін алуға және еңбек өтілі болуға мүмкіндігі.

Түркістан қаласының тұрғыны Бекназар Жаннат Мұратқызы «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжіне Биология пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуығы ауылдарда тұрады. Жастардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасуы маңызды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша өткен жылы 310309 жасқа, биыл екі айда 41 331 жасқа кеңес берілген. Нәтижесінде «Серпін–2050» бағдарламасы бойынша мыңға жуық жас оқуға түскен. Еліміздің солтүстігі мен орталығында орналасқан жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізілген. Бағдарлама аясында былтырғы оқу жылында Сайрам, Келес және Жетісай аудандарынан жастар көптеп тартылған. Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» бойынша 9 мың жас жұмыспен қамтылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасқан. Ал, жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген.

Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Жастарды келеңсіз жағдайлардан қорғау мақсатында психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселелері бойынша психологиялық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, ауылдар мен елді мекендерде де рейдтік және республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Өңірде әскерге шақырылушылар саны артып келеді. Облыс бойынша 122 волонтерлық ұйым жұмыс істейді, оған 8 366 белсенді жас тартылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *